Біздің театрымыз жөнінде
Қостанай қуыршақтар театры М.Садовскийдің «Машенька» спектаклімен 1986 жылдың 31 желтоқсанында ашылды. Бұл спектакль біздің театрымыздың тарихының маңызды нүктесі болып табылады. Толстой көшесіндегі әдемі ғимаратты, 150 орындық жайлы көрермен залын әлі күнге дейін біздің тұрақты көрермендеріміз жылулықпен еске алады. Бүгінгі таңда театр репертуарында 40-тан астам спектакль бар, олардың көпшілігі әр түрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдарында біздің облысымызды және елімізді лайықты көрсетіп, бірнеше рет лауреат және дипломант атанды.
Толығырақ
Афиша
Пиковая дама
«Пиковая дама» спектаклі А.С. Пушкиннің ең жұмбақ әңгімелерінің біріне негізделіп, қойылған. Бұл шығарманың сюжеті мектеп кезінен барлығына белгілі. Бірақ, жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын спектакльді көру арқылы аласыз. Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Соңғы жаңалықтар
09.04.2024
27 наурыз - Дүниежүзілік театр күні
27 наурыз – Дүниежүзілік театр күніне орай Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлден Шаяхметқызы Сарсембаева театр қызметкерлерін төл мерекемен құттықтап, театр ұжымына Қостанай облысының әкімі атынан Алғыс хат табыстады және мәдениет басқармасының арнайы Алғыс хаттымен театр
Толығырақ
12.03.2024
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бүгін Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара барысында мәдениет ұйымдарының 2023 жылғы қызметі туралы баяндамалар тыңдалып, жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды және ағымдағы жылда жоспарланған маңызды
Толығырақ
18.01.2024
Қуанышты өзгерістер
Театрға Алматы қаласының «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жас актерлері Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин келді. Олар біздің театрға жаңа қуат әкеліп қана қоймай, мемлекеттік тілде қойылымдар жасауға қатысады.
Толығырақ
18.01.2024
Үздік ұстаздан шеберлік сабақтары
Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжінің «Актерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері Майса Омарбекқызы Утебаева театрдың шығармашылық құрамына қуыршақты қимылға келтіру бойынша
Толығырақ
12.01.2024
Театр ұжымымен есептік кездесу
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында театрда 2023 жылдың жұмыс қорытындысы және 2024 жылға арналған жоспарды талқылау бойынша театр ұжымының Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Б.Атамұратовпен есептік кездесуі өтті. Жиынға Мәдениет басқармасы басшысының орынбасарлары Ж. Сексенбаев,
Г. Төлеубаева,
Толығырақ
05.01.2024
Жаңа жеңіс!
Біздің театр Қостанай қаласының үздік жаңа жылдық безендіру байқауына қатысып, «Мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерді Үздік жаңа жылдық ресімдеу» номинациясы бойынша III орынға ие болды. Жаңа жылдың мерекелік атмосферасын жасағаны үшін театр конкурс дипломы мен түрлі-түсті принтермен марапатталды.
Толығырақ
13.11.2023
«Puppetland-Digital» І халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі
Ағымдағы жылдың 13-18 қазан аралығында Шымкент қаласында «Puppetland-Digital» І халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестиваль афишасында қазақстандық және шетелдік қуыршақ театрларының үздік қойылымдары ұсынылды. Көрермендер әр елден келген 20 шығармашылық ұжымның қойылымдарын
Толығырақ
16.09.2023
Театр маусымының ашылуы
Ү.ж. 16 қыркүйегінде театрда С. Аксаковтың ертегісі негізінде қойылған «Аленький цветочек» спектаклінің премьерасымен театр маусымының ашылуы өтті.
Толығырақ
19.08.2023
Қала күні
2023 жылғы 19 тамызда театрдың шығармашылық ұжымы Қала күніне арналған мерекелік бағдарламаға қатысты.
Толығырақ