БІЗДІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ

Қостанай қ.
Перронная көш, 20

БІЗДІҢ ТЕЛЕФОНЫМЫЗ

+7 (7142) 90-11-39
+7 (7142) 90-10-29

Біздің театрымыз жөнінде

Қостанай қуыршақтар театры М.Садовскийдің «Машенька» спектаклімен 1986 жылдың  31 желтоқсанында ашылды.  Бұл спектакль біздің театрымыздың тарихының маңызды нүктесі болып табылады. Толстой көшесіндегі әдемі ғимаратты, 150 орындық жайлы көрермен залын әлі күнге дейін біздің тұрақты көрермендеріміз жылулықпен еске алады. Бүгінгі таңда театр репертуарында 40-тан астам спектакль бар, олардың көпшілігі әр түрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдарында біздің облысымызды және елімізді лайықты көрсетіп, бірнеше рет лауреат және дипломант атанды.
Толығырақ

Афиша

Пиковая дама

«Пиковая дама» спектаклі А.С. Пушкиннің ең жұмбақ әңгімелерінің біріне негізделіп, қойылған. Бұл шығарманың сюжеті мектеп кезінен барлығына белгілі. Бірақ, жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және  көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын спектакльді көру арқылы аласыз. Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті.
ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы жаңалықтар

Ақпараттық серіктестер