Oqıǵalar

Театр маусымының ашылуы

Ү.ж. 16 қыркүйегінде театрда С. Аксаковтың ертегісі негізінде қойылған «Аленький цветочек» спектаклінің премьерасымен театр маусымының ашылуы өтті.                                                                                                                                                                                                                                       
Жазушының 1857 жылы жарық көрген ертегісі бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Әлі күнге дейін шығарма оқылып, оның негізінде фильм түсіріліп, театр сахнасында қойылады. «Аленький цветочек» спектаклін қоюға РФ Пермь қаласынан қоюшы-режиссер Наталья Белоусова және Краснодар қаласынан қоюшы-суретші Полина Беднякова шақырылды. Олар С. Аксаковтың ертегісінің сюжетін тамаша жеткізіп, ерекше декорациялар, жарқын қуыршақтар мен керемет музыкалық сүйемелдеудің көмегімен классикалық туындыны балалар үшін одан да қызықты етті. Әкесін өлімнен құтқару үшін Құбыжықтың патшалығына қауіпті сапарға аттанған жас қыз туралы таңғажайып оқиға көрермендерді бей-жай қалдырмады. Олар спектакльді үлкен қызығушылықпен тамашалады. Ертегі балалар үшін тартымды болып, оларды қамқорлық, жанашырлық, сүйіспеншілік, жақсы қарым-қатынасты бағалауға үйретеді.

  
  
  

Ақпараттық серіктестер