Oqıǵalar

Қуанышты өзгерістер

Театрға Алматы қаласының «Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрадалық-цирк колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның жас актерлері Нұрбек Рамазанов пен Айбек Иманмадин келді. Олар біздің театрға жаңа қуат әкеліп қана қоймай, мемлекеттік тілде қойылымдар жасауға қатысады. Бұл қазақ труппасын құру жолындағы маңызды қадам. Балалармен бірге жоғарыда аталған колледждің «Актерлік өнер» кафедрасының меңгерушісі, оқытушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Үздік педагог» төсбелгісінің иегері Майса Омарбекқызы Утебаева келді.
Тәжірибелі ұстаз театрдың шығармашылық құрамымен қуыршақты қимылға келтіру бойынша шеберлік сабақтарын өткізеді.
Келген қонақтар Қостанай облысы мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Бүркітбайұлы Атамұратовпен кездесіп, Қостанай қаласының тарихи-мәдени орындарына экскурсияға қатысты.

 

Ақпараттық серіктестер