Oqıǵalar

Халықаралық балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар баланың құқығын қорғау қажеттілігі туралы ескерту. Әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық балалар бақытты өмір сүріп, өзін керек екенін сезінуі өте маңызды.                                         
 Облыстық қуыршақ театры «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Қостанай облыстық штабы» қоғамдық қорымен бірлесіп, Халықаралық балаларды қорғау күні әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға арналған «Балалық шақ мерекесі» іс-шарасын ұйымдастырды. Балалар үшін қызықты ойын
сауық бағдарламасы жүргізіліп, «Истории Пожара Тушилыча» қайырымдылық спектаклі көрсетілді және әр бала тәтті сыйлыққа ие болып, жақсы көңіл-күй мен ұмытылмас әсер алды!

             
                             
                               
                               

Ақпараттық серіктестер