Spektaklder
«Д.О.Д.»
Авторы: Н. Жуламанова
Достары жоқ, достық пен мейірімділікке сенбейтін жалғыз кішкентай піл Дайсецу туралы ғибратты әңгіме. Кездейсоқ кездесу оның бұрынғы өмірін төңкеріп, айналасындағы әлемді өзгертеді. Кейде ішкі әлемімізді өзгерту арқылы, қоршаған сыртқы әлемді өзгерте аламыз.
Тәрбиелік және терең мағыналы қойылым мейірімділікке, қоршаған ортаға жанашырлық және құрметпен қарауға үйретеді.
Бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым (8+).
Спектакль ұзақтығы 40 минут, үзіліссіз өтеді.
Рыжий плут
Авторы: Ю. Семенова
Ертегі орманында күлкілі кішкентай жануарлар өмір сүреді – кішкентай Қоян, ақылды Аю және бәрін алдайтын айлакер Түлкі.
Бұл ертегі адал және әділ болу қаншалықты маңызды, шынайы және сенімді достардың болуы және олармен тату өмір сүру қаншалықты жақсы екендігі туралы.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған спектакль (3+).
Спектакльдің ұзақтығы 40 минут, үзіліспен өтеді.

Менің досым - жел
Авторы: Н. Насырова
Дос болып, қасындағыларға пайда әкелгісі келетін кішкентай тентек. Жел туралы ертегі. Бірақ көмектескісі келіп, абайсызда, ол барлығын ренжітіп, қиындықтар тудырады. Өйткені, адал дос бола білу және жақындарға қамқор болу өте маңызды.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым (3+).
Спектакльдің ұзақтығы 35 минут, үзіліссіз.

Невозможное возможно
Авторы: Ю. Семенова
«Невозможное возможно» спектаклі – бұл таңғажайып ертегі, онда Аяз Атаны керемет шытырман оқиғалар, күтпеген тосынсыйлар, жердегі және көктегі, су астындағы тұрғындармен танысу күтеді.
Көптеген музыка, қызықты ертегі кейіпкерлері және нағыз жаңа жылдық ғажайыптар болады. Шынында да, жаңа жылдық ертегіде мүмкін емес нәрсенің барлығы мүмкін.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым (3+).
Ұзақтығы 35 минут, үзіліссіз өтеді.

Аленький цветочек
Авторы: С. Аксаков
«Аленький цветочек» – жақсылық пен жамандық туралы, махаббат пен мейірімділік таңғаларлық ғажайыптар жасап, кез-келген қиыншылықты, тіпті ең жаман сиқырды жеңе алатындығы туралы керемет оқиға.
Жас қыз әкесін өлімнен құтқару үшін қауіпті сапарға аттанады. Ол оны белгісіз Құбыжық патшалығында не күтіп тұрғанын білмейді. Тек ашық жүрек пен шексіз мейірімділіктің арқасында ол барлық қиындықтарды жеңіп, өз бақытын табады. Әдемі декорациялар, қызықты қуыршақтар, тамаша музыкалық сүйемелдеу керемет ертегі атмосферасын жасайды, спектакль балаларға да, ересектерге де ұнайтыны сөзсіз.
Бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған қойылым (6+).
Спектакльдің ұзақтығы 55 минут, үзіліспен өтеді.

ЭКОПАТРУЛЬ
Авторы: Ю. Семенова
«ЭКОПАТРУЛЬ» – бұл зұлым Қоқыспен күресу үшін бірігіп, экологиялық патруль командасын құрған: қала, су және орман – үш қамқоршысы туралы тақырыптық ертегі. Экопатруль Қоқыс деп аталатын күшті және қуатты әзірейілмен күресте жеңіске жете ме? Бұл қызықты оқиғаның немен аяқталатынын сіз тағылымды ертегіні көру арқылы білесіздер. Қойылым балаларды табиғатқа қамқорлықпен қарауға және қоршаған әлемді қорғауға үйретеді, оларға табиғаттағы барлық нәрсе бір-бірімен байланысты екенін және біздің ортақ үйіміз – Жер планетасын сақтай алатынымыз біздің іс-әрекетімізге байланысты екенін түсінуге көмектеседі. Қызықты сюжет, ерекше қуыршақтар, жанды орындау балалардың көңілінен шығатыны сөзсіз.
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін спектакль (4+).

Предложение
Авторы: А.П.Чехов
«Предложение» спектаклі – бір актідегі көңілді комедия.
Жер иесі Степан Степанович Чубуковтың қызы Натальяға үйлену туралы ұсыныспен көрші – жер иесі Иван Васильевич Ломов келеді.
Осы кезде ең қызығы басталады: оқиғалардың барысы мүлдем басқа бағытта кетеді, жастар арасындағы қарапайым әңгіме қызу мүліктік дауға айналады, ешкім де өз сөзінен қайтқысы келмейді. Мұның бәрі немен аяқталады?
Сіз бұл күлкілі оқиғаны қарап білесіз.
Ерекше қойылым, эмоционалды күтпеген әрекеттер, күлкілі кейіпкерлер, жақсы әзіл сіздің көңіл – күйіңізді көтеріп, ғасырлар бойы ескірмейтін және өзекті болып табылатын классиканы оқуға қызығушылығыңызды арттырады.
Жоғары мектеп жасындағы балалар мен ересектерге арналған спектакль (14+).
Спектакльдің ұзақтығы 50 минут, үзіліссіз өтеді.

Гусёнок
Авторы: Н. Гернет
«Гусенок» – балаларға арналған интерактивті қойылым. Тартымды сюжет, жарқын, мәнерлі қуыршақтар және актёрлермен жанды қарым – қатынас жас көрермендерді жалықтырмайды. Олар Аленка мен кірпіге мазасыз және тентек қаз Тимошаны айлакер түлкіден құтқаруға көмектесіп, спектакльдің белсенді қатысушы болатынын байқамайды. Бұл көңілді оқиға балаларды бір – біріне көмектесуге және қиындықтардан қорықпауға үйретеді. Тапқырлық, бірлік пен достықтың көмегімен барлық кедергілерді жеңіп, қиындықтардан аулақ болуға болады.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті қойылым (3+)
Спектакльдің ұзақтығы – 45 минут.

Новогодний сюрприз
Авторы: Ю.Семенова
Ең әдемі және барлығымыздың сүйікті мерекеміз – Жаңа жыл жақындап келеді. Бұл бәрі асыға күтетін сиқырлық пен ертегінің салтанаты. Мереке күндері әр бала сыйлық пен жаңа жылдық ғажайыптар күтіп, жаңа жылдық ертеңгілікке баруды армандайды. «Новогодний сюрприз» спектаклі – қызықты ертегі кейіпкерлері, әсем шырша, қызықты музыкалық нөмірлер, көңілді ойындар және, әрине, Аяз Ата мен Ақшақар бар жарқын ойын – сауық қойылымы.
Күлкілі кейіпкерлер мен қызықты оқиға балаларға керемет жағымды эмоциялар сыйлайды.
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған интерактивті қойылым.
Спектакльдің ұзақтығы 50 мин.

Пиковая дама
Авторы: А.Пушкин
«Пиковая дама» спектаклі А.С. Пушкиннің ең жұмбақ әңгімелерінің біріне негізделіп, қойылған. Бұл шығарманың сюжеті мектеп кезінен барлығына белгілі. Бірақ, жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын спектакльді көру арқылы аласыз. Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті.
Жоғары сынып оқушылары мен ересектерге арналған спектакль (14+)