Oqıǵalar
Халықаралық қуыршақ өнер додасына сапар.
Театрымыздың шығармашылық ұжымы «Ассалаумағалейкум – VI» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінен естелік сыйлықтарымен және қатысушы дипломымен оралды. Фестиваль ү.ж. 19-24 қыркүйегі аралығында Ақтөбе қаласында өтті.
Оған 4 елден 14 театр қатысты: Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей (Бурятия, Ингушетия, Башқұртстан, Владимир қ.), Қазақстан (Алматы қ., Нұр - Сұлтан қ., Қостанай қ., Шымкент қ., Петропавл қ., Ақтау қ., Қызылорда қ., Ақтөбе қ.). Фестиваль қойылымдары жанрлардың сан алуандығымен, күтпеген сценографиямен, өзіндік бейнелеу және актерлік шеберлігімен ерекшеленді. Қостанайлық қуыршақ театры көрермендерге 2016 жылы «Ең үздік балалар спектаклі» номинациясында Қазақстанның ТҚО дипломына ие болған режиссер Ю. Семенованың «Ястребок» спектаклін ұсынды.
«Ассалаумағалейкум» фестивалі 2004 жылдан бері өткізіліп келеді. Биыл ол алтыншы рет өткізіліп, Балалар жылына арналды. Фестиваль жұмысы конкурстық және танымдық бағдарламаны қамтыды. Қойылымдарды тамашалау және талқылаумен қатар, қатысушылар үшін актерлік шеберліктің ерекшеліктері бойынша мастер-класстар және таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Мұндай іс-шаралар ұжымның кәсіби өсуі үшін пайдалы және қажет. Фестиваль қуыршақ театрларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, жаңаны үйренуге, тәжірибемен алмасуға, шығармашылық байланыстарды нығайтуға және өз жұмысына сырттан қарауға тамаша мүмкіндік береді.