Oqıǵalar

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бүгін Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шара барысында мәдениет ұйымдарының 2023 жылғы қызметі туралы баяндамалар тыңдалып, жұмыстағы жетістіктер мен кемшіліктер талқыланды және ағымдағы жылда жоспарланған маңызды жобалар қарастырылды. Содан кейін өз еңбегімен облысымыздың және республикамыздың мәдениетін дамытуға үлес қосқан саланың үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. 
Әріптестерімізді марапаттарымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық,  шығармашылық  шабыт пен жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!






Ақпараттық серіктестер