Oqıǵalar

Қуыршақ театрындағы жаңа өзгерістер

Ағымдағы жылдың 6 тамызында қуыршақ театрына жұмыс сапарымен Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының м.у.а. М. Абдрахманов, басшының орынбасары С. Жүсіпов және бас маман Р. Олжабаева келді. Театр ұжымына жаңа басшы таныстырылды. Бұдан былай өнер ұжымына Әлқожа Төленді Олжабайұлы жетекшілік етеді. Шығармашылық ұжым жаңа басшыны жылы қарсы алып, оған барлық бастамаларында сәттілік пен табыс тіледі.
Өмірбаяндық анықтамадан:
Төленді Олжабайұлы 1989 жылы 06 ақпанда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Амантоғай ауылында туған. 2014 жылы «Челябі мемлекеттік мәдениет және өнер академиясы» жоғары кәсіптік білім беру федералды мемлекеттік бюджеттік оқу орнын бітірді.
Еңбек қызметі:
02.02.2011 – 05.03.2022 ж.ж. «І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры» КМҚК-ның әртісі.
08.04.2021 – 13.05.2024 ж.ж. «TOLEN89» ЖШС құрылтайшысы, директоры.
12.04.2023 ж. Назарбаев Зияткерлік мектебінің қосымша білім беру мұғалімі.
23.11.2022 –13.05.2024 ж.ж. Қостанай «Таған» жеке театрының негізін қалаушы, әртісі және директоры.

Ақпараттық серіктестер