Oqıǵalar

Театр маусымының ашылуы

Ү.ж. 13 қыркүйегінде облыстық қуыршақ театрында «Рыжий плут» спектаклінің премьерасымен 39-шы театр маусымының ашылуы өтті. Пьесаның авторы әрі қоюшы режиссері Юлия Семенова. Спектакльде алаяқтық, алдау сияқты заманауи тақырыптар қозғалады. Өскелең ұрпақтың бойында осы жағымсыз көріністерге теріс көзқарасты қалыптастыру, адалдық, өз ісіне жауапкершілік сезімін тәрбиелеу және балаларға қазіргі заманның осы проблемалары туралы нақты түсінік беру өте маңызды. Қойылымды тамашалаған балалар арамдық пен алдаудың салдарын анық көре алады. Спектакль  интерактивті және өте көңілді, күлкілі кейіпкерлер мен ойындардың көмегімен балаларға тиімді түрде осы тақырыптар түсіндіріледі. Театр репертуары тағы бір қызықты тақырыптық қойылыммен толықты.
                         
                                                  

Ақпараттық серіктестер