Oqıǵalar
Театрымызда ерекше қойылым.
Ағымдағы жылдың 24 қазанында театрда «Д.О.Д.» (Добро объединяет детей) спектаклінің премьерасы өтті. Бұл достары жоқ, достық пен мейірімділікке сенбейтін кішкентай піл Дайсецу туралы ғибратты әңгіме. Кездейсоқ кездесу оның бұрынғы өмірін түбегейлі өзгертеді. Кейде ішкі әлемімізді өзгерту арқылы, қоршаған сыртқы әлемді өзгертуге болады. Спектакльді З. Исмагилова атындағы Уфа мемлекеттік өнер институтында «Театр режиссурасы» мамандығы бойынша оқитын театр әртісі Нелля Жуламанова қойды. Бұл оның алғашқы режиссерлік тәжірибесі. Жас режиссер өз идеяларын жүзеге асыру үшін жапон театрының элементтерін, көлеңке театрын, пластика театрын және шығармашылық безендіруді пайдаланды. Спектакльді қою барысында әртістерге жапондық театр режиссері Тадаши Сузукидің қимыл-қозғалыс пен жекпе-жек техникасын эмоция мен сезімді жеткізу шеберлігімен ұштастырған жаттығу жүйесін меңгеру керек болды.