Oqıǵalar
Қазақ тілін бірге үйренеміз
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында театрда А. Серікованың пьесасы бойынша «Қазақ тілін бірге үйренеміз» интерактивті спектаклінің премьерасы өтті. Премьераға Қостанай қаласының мектеп-бақша гимназиясының оқушылары қатысты. Балалар үшін қазақ тілін үйрену олардың мәдени және тілдік дамуының маңызды бөлігі болып табылады, сондықтан оқудың қызықты әрі қолжетімді болуы өте маңызды. Режиссер А. Серікова өз қойылымында көрнекі және практикалық педагогикалық әдістемелерді, көңілді әндер мен тартымды ойындарды пайдалана отырып, кішкентай көрерменді тіл меңгеруге шабыттандырып, қазақ тілін оқу қажеттілік қана емес, сонымен бірге өте қызықты әрі танымды екенін түсіндіргісі келді. Театр сабағы форматында қойылған интерактивті спектакльді тамашалай отырып, балалар қазақ тіліндегі маңызды сөздер мен сөйлемдерді үйренеді.