Spektaklder
«MEN…»
«MEN…» – Грузиядан келген режиссер Николоз Сабашвили қойған заманауи әлеуметтік мәселе – буллинг туралы ерекше қойылым. Әрбір адам өмірінде буллингтің қандай да бір түрін бастан кешіреді. Ол күш көрсету немесе балағаттау ғана емес, қысым жасаудың жасырын түрлері де болуы мүмкін. Көзге айқын көрінбегенімен мұндай әрекеттің адамға тигізер зардабы өте ауыр. Спектакльдегі басты кейіпкердің тағдыры осындай ойға жетелейді. Өмірінің әртүрлі кезеңдерінде ол қатыгездікке, түсінбеушілікке тап болып, зорлық-зомбылық пен сан алуан қорлықты бастан кешіреді.
Бұл оның бойындағы реніш, ашу-ыза мен кекшілдік сезімін оятып, өшпенділігін өршіте түскен жоқ па? Мұның соңы неге әкеп соғады? Оған жауапты спектакльден табасыздар.
9 жастан асқан балаларға арналған спектакль (9+).
Спектакльдің ұзақтығы 45 минут, үзіліссіз өтеді.