Spektaklder

НЕПОСЕДЫ
Авторы: М.Поливанова
Тентек және ұшқалақ кішкентай аюлар Топ пен Топочка жазда ауылға атасы мен әжесіне қонаққа келеді. Бірде олар үйде жалғыз қалады. Оларға не болды, не білді, кіммен танысты, осы уақытты қалай өткізді, сіз спектакльді көру арқылы білесіз. Қойылым қарапайым ережелерді, тілалғыштық пен мейірімділікті балаларға ойын түрінде үйретеді.
Қойылым 3 жастан бастап, ең кішкентай балаларға арналған (3+).
Қойылымның ұзақтығы 45 минут, үзіліспен өтеді.

ТЫ, Я И КУКОЛЬНИК
Авторы: Х. Юрковский
«Ты, я и кукольник» спектаклі - Полоска мен Крапинка қуыршақтары қалай достасқаны, содан кейін бір-біріне кім жақсы әрі мықты екенін дәлелдеп, төбелескені туралы оқиға. Тек жақсы дос және мұғалім Кукольник балаларға үстіндегі костюмнің дақпен немесе жолақпен болуы маңызды еместігін түсінуге көмектеседі. Өмірде бірін-бірі түсініп, қасыңдағыларға жамандық жасамау өте маңызды, себебі кейін өзіңе қиын болуы мүмкін. Егер әрқайсымыз осы қарапайым шындықты түсінсек, онда ғаламшардағы барлық адамдар үшін өмір мейірімді әрі әдемі болады.
Ең кішкентай көрермендерге арналған тағылымды оқиға (3+)
Қойылым отбасылық аудиторияға бағытталған.
Спектакльдің ұзақтығы - 30 минут, үзіліссіз өтеді.

ТРИ ПОРОСЕНКА
Авторы: С. Михалков
Барлығы С.Михалковтың ертегісін біледі, бірақ бізде ол басқаша. Сұр зұлым қасқыр бар. Бірақ алаңдамаңыз. Біз қасқырды аулау үшін екі атақты аңшыны шақырдық. Спектакльге келіңіз, сіз үш шапшаң торайдың қызықты оқиғаларын, үй салғанын, қасқырдан қашып құтылғанын және торайлар ақымақ қасқырды қалай аулап, ұстап алғанын көресіз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірге әрекет етсеңіз, көп нәрсе қолдан келеді. Қарапайым бұл қорытынды әр бала үшін өзіндік жаңалыққа айналады.
4 жастан асқан балаларға арналған көңілді музыкалық қойылым (4+).
Спектакльдің ұзақтығы 40 минут, үзіліспен өтеді.