Біздің театрымыз жөнінде

Қостанай қуыршақтар театры М.Садовскийдің «Машенька» спектаклімен 1986 жылдың 31 желтоқсанында ашылды. Бұл спектакль біздің театрымыздың тарихының маңызды нүктесі болып табылады. Толстой көшесіндегі әдемі ғимаратты, 150 орындық жайлы көрермен залын әлі күнге дейін біздің тұрақты көрермендеріміз жылулықпен еске алады. Бүгінгі таңда театр репертуарында 40-тан астам спектакль бар, олардың көпшілігі әр түрлі деңгейдегі қуыршақ театрларының фестивальдарында біздің облысымызды және елімізді лайықты көрсетіп, бірнеше рет лауреат және дипломант атанды.
Толығырақ
Афиша
Пиковая дама
«Пиковая дама» спектаклі А.С. Пушкиннің ең жұмбақ әңгімелерінің біріне негізделіп, қойылған. Бұл шығарманың сюжеті мектеп кезінен барлығына белгілі. Бірақ, жаңа интерпретация ерекше және қызықты. Жаңа қойылымда айрықша сценография, ерекше кейіпкерлер, сәнді костюмдер, бейнелі маскалар және болжап болмайтын қосымшалар, барлығы таң қалдырады. Спектакльде қуыршақтардың алуан түрлері: планшеттік, қамыс, қозғалмалы және көлеңкелі театр қуыршақтары қолданылды. Жарқыраған және ашылатын терезелері бар күрделі, көлемді декорациялар, күңгірт жарық, жақсы таңдалған музыка сахнада болып жатқан оқиғалардың әсерін күшейтеді. Мистика мен шынайы әрекеттер ішкі дүниеге еніп, ой салады. Жылдам пайдаға ұмтылу, әл-ауқатқа оңай жол, ашкөздік неге әкелуі мүмкін? Бұл сұрақтың жауабын спектакльді көру арқылы аласыз. Шығармада қозғалған тақырып қазіргі уақытта да өте өзекті.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Соңғы жаңалықтар

06.10.2025
Мерейтойлық маусым премьерамен ашылды.
4 қазан күні театр сахнасында «Обратите внимание» спектаклінің премьерасы өтті. Пьесаның авторы әрі режиссері — Н. Жуламанова. Жаңа спектакль — қуыршақ театры мен Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бірлескен жобасы. Қойылымда
Толығырақ
29.09.2025
Халықаралық фестивальдегі қостанайлық қуыршақ театрының жаңа жеңісі
21–26 қыркүйек аралығында Ақтөбе қаласында «Ассалаумағалейкум-VII» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті. Бұл айтулы шара әлемнің түкпір-түкпірінен келген қуыршақ өнерінің үздік шеберлерін бір арнаға тоғыстырды. Фестивальге сегіз елден келген
Толығырақ
24.09.2025
«Қуыршақтар, дәстүрлер мен шабыт: Қостанайдағы фестиваль қалай өтті»
16–20 қыркүйек аралығында өткен керемет өнер мерекесі – «Kostanay Puppet Life – 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өз мәресіне жетті Осы күндері біз нағыз ғажайыптардың куәгері болдық: сахнада қуыршақтарға жан бітіп, терең мағыналы
Толығырақ

23.09.2025
«Kostanay Puppet Life – 2025» ашылды!
Қостанай облыстық қуыршақ театрының жаңа маусымы мерейтойлық — ұжым өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы айтулы оқиғаға орай театрда «Kostanay Puppet life – 2025» Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі ұйымдастырылды. 16 қыркүйек күні салтанатты ашылу
Толығырақ

15.09.2025
Қостанай қуыршақ театры Ақтаудағы халықаралық фестивальден жеңіспен оралды!
Қостанай облыстық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымы 9–14 қыркүйек аралығында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында өткен «NOMAD PUPPET» I Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалінен зор жетістікпен оралды. Фестивальге Қазақстанның бес өңірінен,
Толығырақ

29.05.2025
«Ортеке» фестивалінен жеңіспен оралдық.
21-25 мамыр аралығында Алматы қаласында «Ортеке» VII Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі өтті. Фестиваль 2007 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігімен құрылған болатын. «Ортеке» фестивалі дәстүрлі түрде Қазақстанның және шет елдердің үздік
Толығырақ
14.05.2025
Облыстық қуыршақ театрында Baby-театр ашылды.
Облыстық қуыршақ театрында бүлдіршіндер үшін baby-театрдың ашылуы өтті. Бұл ең кішкентай көрермендердің алғашқы театр тәжірибесін қалыптастыруға, өнерге деген қызығушылығын оятуға және спектакльді бірге көру арқылы бала мен ата-ананың эмоционалдық байланысын сақтауға бағытталған
Толығырақ

19.03.2025
«Ертегілер сандығы» спектаклінің премьерасы
Көктем мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында театрда «Ертегілер сандығы» атты иммерсивті спектакль-шоудың премьерасы өтті. Мұндай қойылымның ерекшелігі – көрермен залы мен сахна арасындағы шекара жойылып, көрермендер жай бақылаушы ғана емес, іс-әрекеттің тікелей
Толығырақ

26.02.2025
Заманауи тақырыпқа қойылған ерекше спектакль
Ағымдағы жылдың 25 ақпанында облыстық қуыршақ театрында «MEN…» спектаклінің премьерасы өтті. Ерекше қойылымды Грузиядан келген режиссер Николоз Сабашвили қойды. Әрдайым көрермен үшін заманауи драматургияны қарастырып, өзекті мәселелерге назар
Толығырақ