Oqıǵalar
Театр маусымының ашылуы!

Театр қызу дайындық үстінде...

Буревестник ауылына гастрольдік сапар
14 мамырда, Халықаралық отбасы күні қарсаңында, Облыстық қуыршақ театры Наурызым ауданының Буревестник ауылының кішкентай тұрғындарына, тұсаукесері 10 сәуірде өткен, «Путешествие с Красной Шапочкой» атты жаңа қойылымын ұсынды. Мектептің спорт залына жиналған кішкентай көрермендер үшін біздің театрдың актерлері: Д. Кенжегарин, О. Коротченко, Д. Норка және В. Митенко тамаша ертегі көрсетті. Жас театр сүйер қауымына жаңа және ерекше интерпретациядағы танымал ертегі өте ұнады. Олар актерлердің шебер ойынынан, жарқын декорациялар мен қуыршақтардан, әзіл мен көңілді әндерден көптеген жағымды эмоциялар мен ұмытылмас әсер алды. Бұл қонақжай мекенінде театрымыздың әртістері бірнеше рет болып, көрермендерді қуанткан еді. Әрдайым театрдың шығармашылық ұжымының гастрольдері сол жерде үлкен жетістікпен өтеді. Осы жолы да спектакль жақсы қабылданып, балалар үшін жарқын әсерлер мен қуанышқа толы керемет оқиға болды!

Қайырымды істер марафоны
«Волшебники театра кукол» шеберлік сабағы
мұражайлары және мектептерімен бірлескен іс-шаралар жоспарланған.
Осындай іс – шара Балалар шығармашылығы мектебінде өтті. Театр
әртістері Корниенко Ирина мен Латыпова Варвара қызықты шеберлік
сабағын өткізді. Қуыршақтар мен қуыршақ театры әртісі мамандығы
туралы көптеген қызықты мағлұматтар айтып, қуыршақтарды басқару
тәсілдерімен балаларды таныстырды және басқа кейіпкерге ауысу
шеберлігін іс жүзінде көрсетті. Балалар болып жатқанды мұқият
тамашалап, әртістердің жұмысымен танысты. Өздерін актер рөлінде сынап
көруге мүмкіндік пайда болған кезде, тілек білдірушілер саны көп болды.
Балалар қуыршақты қимылға келтіріп, оларды дыбыстай отырып,
импровизация жасады. Кездесу көңілді билермен және фотосессиямен
аяқталды.